Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 632-718-шақырым аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жол шамамен 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ашылады.
Сондай-ақ "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.