Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап елорда аумағында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 2017 жылы субсидия алу үшін құжат қабылдайды.
Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауар-материал құндылықтарының құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп, өсіру шығынын өтеу мақсатында беріледі.
Өтініш 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 шілдеге дейін қабылданады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу