1 ақпанда "Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру басталады

782

Өтініштер 20 ақпанға дейін қабылданады.  

1 ақпанда "Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру басталады Фото: krisha.kz

Өңірлік "Атырау жастары" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау 1 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Отбасы банкінің баспасөз қызметі.

Бағдарламаға 18-35 жас (қоса алғанда) аралығындағы келесі сала мамандары қатысады:

  • денсаулық сақтау;
  • білім беру;
  • мәдениет;
  • спорт;
  • ЖОО және ғылыми-зерттеу институты;
  • журналистер;
  • әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • коммуналдық салалар;
  • ата-ана қамқорлығынан айырылған, тұрғын үй кезегінде тұрған жастар;
  • мемлекеттік қызметкерлер.

 

Бағдарламаның шарттары қандай?

  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Несие мөлшерлемесі – 5%;
  • Несие мерзімі – 19 жыл;
  • Атырау қаласы бойынша максималды сумма – 18 млн тенге (өңір аудандарында – 13 млн тенге);
  • Үй кезегінде болу міндетті емес, бірақ соңғы 5 жылда үміткердің және отбасы мүшелерінің атында да үй болмауы керек;
  • "Отбасы" банкінде депозитінің болуы міндетті;
  • Отбасының бір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы табыс ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің 6,3 есесінен аспауы тиіс.

Өтініштер қала және аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 101А, 3 кабинетте қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу