1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті

343

Әр өңірдегі газдың бағасы белгілі болды.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда автомобиль газының бағасы өсті Фото: odin.ru

Бүгін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрығымен қосылған құн салығын қоса есептегендегі автомобиль газының еліміздің барлық өңіріндегі бағасы бекітілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

  • Астана – литрі 102 теңге (бұрын 82 теңге болған);
  • Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған);
  • Шымкент – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған);
  • Ақтөбе және Атырау облыстары – 77 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
  • Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 82 теңге;
  • Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге болған), шалғай аудандарда – 70 теңге;
  • Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге;
  • Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге болған), шалғай аудандарда – 95 теңге;
  • ШҚО, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (бұрын 84 теңге болған), шалғай аудандарда – 107 теңге.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу