1 қазан – Халықаралық қарттар күні

266

Бұл мереке 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен ресми түрде бекітілген.  

1 қазан – Халықаралық қарттар күні Фото: Kazpravda.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда бүгінде 100 жастан асқан 448 адам бар, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Олардың ішіндегі ең қарт тұрғын – Ұлытау облысында тұратын қария, биыл ол 115 жасқа толды.

Жүзжасарлардың ең көп шоғырланған өңірі – Алматы қаласы. Мұнда 100 жастан асқан 58 адам өмір сүреді. Екінші орында – Түркістан облысы (53 адам), ал үшінші орында Алматы облысы (37 адам).

Қазақстандағы ең қарт үштікке:

  • Ұлытау облысындағы 115 жастағы қария,

  • Павлодар облысындағы 113 жастағы тұрғын,

  • Жамбыл облысындағы 110 жастағы ақсақал кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу