1 қаңтарда Астана теміржол вокзалында сәби дүниеге келді

826

1 қаңтарда Астана теміржол вокзалында сәби дүниеге келді

Жаңа жылдың бірінші күні "Қазастан темір жолы" ҰҚ" АҚ қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті. 

1 қаңтарда Қостанай-Алматы бағытымен жүріп келе жаткан пойыз Астана станциясында тоқтап тұрған еді. Көп үзамай теміржол вокзалының медицина бөлімшесіне босанайын деп жатқан келіншек жеткізілді, деп хабарлады "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.

Арайлым Асқарбекова күйеуімен және екіжасар баласымен Қостанайдан Тараздағы туысқандарына жол тартып келе жатқан еді. Пойыздың жолсерігі Виталий Кайгородов оның дімкәстігін көріп, тез арада пойыз басшысы Айнаш Қусаинова мен Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісіне Оксана Джигаринаға хабарлады.

Ойлануға уақыт болмай, жедел түрде пойыз жолсеріктері келіншекті вагоннан зембіл көмегімен теміржол вокзалының медицина бөлімшесінің кезекші медбикесіне Гульляззат Артықбаеваға жеткізді.

Сағат 11.00-де кішкентай сәби дүниеге келді. Жетіп келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.

Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісі Оксана Джигарина ауруханаға жеткенше дейін сәбиді қолда ұстап келді.

"Бұл сәби маған өзімдікіндей жаныма жақын. Сол кезде мен тек қана сәбидің аманшылығы туралы ойладым. Жаңа жылда жаңа туылған сәбиді қолда ұстау жаксы ырым дейді екен" -деп  Оксана Джигарина айта кетті.

Сәби мен оның анасы аман-есен перинаталдік орталыққа жеткізілді.

"Сапарамыздың алдында өзімді жақсы сезінген едім. Барлығы маған үлкен ілтипаттылықпен қарады. Пойыз басшысына, медбикеге, жолсеріктерге, жедел жәрдем бригадасына, баламның аман-сау туылуына көмектескен адамдарға алғысым шексіз. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық" - Арайлым Асқарбекова қуанышымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу