1 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздің кеңесіндегі төрағалығын бастайды

873

1 қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздің кеңесіндегі төрағалығын бастайды

Қаңтардың 1-нен 31-не дейін Қазақстан тарихта тұңғыш рет Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттілігін орындауға кіріседі, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Төраға Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне жалпы басшылық етеді, БҰҰ хатшылығының көмегімен Қауіпсіздік кеңесінің күнделікті үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Төрағалықтың міндеттеріне Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің келісімі бойынша кеңестің атынан, сондай-ақ бейресми консультациялар барысындағы талқылаулардың қорытындылары бойынша және Қауіпсіздік кеңесі әрдайым қандай да бір құжаттың мәтіні бойынша келісімге қол жеткізген кезде баспасөз алдында мәлімдемелер жасау кіреді.

2 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің тұрақты өкілдері қаңтар айында төрағалықтың бағдарламасын қарастырып, қабылдайды деп күтілуде. Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесі мүшелері болып табылмайтын БҰҰ-ға мүше елдер, баспасөз бен үкіметтік емес ұйымдар үшін кеңес жұмысының бағдарламасы туралы брифингтер өткізіледі. Қазақстанның бастамасымен кеңестің тұрақты емес мүшелері ретінде екі жылдық мерзімге сайланғанына байланысты Қауіпсіздік кеңесінде алғаш рет Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланд, Перу, Польша және Экваториалды Гвинея елдерінің байрақтарын ресми түрде орнату рәсімі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу