1-қаңтардан бастап "АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлерінің жалақысы өседі

862

1-қаңтардан бастап "АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлерінің жалақысы өседі

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ еңбекақыға қатысты өзгертулер туралы ресми хабарламаны таратты. 
"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 2017 жылдың 31 желтоқсан айына дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" компанияларныда тізімдік санында тіркелген қызметкерлерге жалақылық тариф көтеріледі. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің жерасты топтардың қызметкерлерыне және де Атасу "Өркен" ЖШС темір рудасы кен орнының қызметкерлеріне көмір және темір рудасы кен орнының қызметкерлер үшін 30% жалақылық тариф көтеріледі. Сонымен қатар, ұжымдық келісім-шарт бойынша 3,55% индексация жүргізіледі", – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Көмір департаментінің жер үсті қызметкерлеріне, "Өркен" ЖШС және де болат департаментінің қызметкерлеріне, сондай-ақ "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінде басқа да қосалқы функциялар жасайтын қызметкерлерге грейд жүйесіне сәйкес еңбекақы 30%-ға дейін көтерілетіні атап өтілген.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат департаментінің, жер үсті топтарының көмір департаментінің қызметкерлеріне, жалақыны көтеруге қатысты мәселе 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қарастырылып шешілетін болады", – делінген хабарламада.
АО "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "ArselorMittal" трансұлттық компанияның құрамына енеді және Қазақстанның тау-кен металлургиялық комбинаты саласындағы ірі кәсіпорын болып табылады. Компания құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіру бойынша 4 кеніш енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу