1 қаңтардан бастап депутаттар жаңа декларация тапсырады

934

Жалпыға бірдей кіріс және мүлік декларациясының алғашқы кезеңі басталды.    

 1 қаңтардан бастап депутаттар жаңа декларация тапсырады

Жыл сайын кейінге шегеріліп келген жалпыға бірдей декаларация сиыр жылынан бастап күшіне енеді. 2025 жылға дейін бүкіл азаматтарды қамтитын ауқымды науқанның алғашқы шебіне жауапты мемлекеттік лауазым атқарылатын тұлағлар енген болатын. Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты жалпыға бірдей декларациялау департаментінің басшысы Дина Құсайынова аталмыш санатқа нақты кімдердің кіретінін атап берді.

"Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырып келген болатын. Ал енді активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырады. Бұл екі есептің айырмашылықтары бар. Өйткені бұрын делкарацияны бір жылға ұсынатын. Ал бұл жолы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректерімізді ұсынамыз", - дейді маман.
Жаңа декларацияда бұрын тапсырған есептерде көрсетілмейтін мәліметтер ұсынылуы керек. Сондықтан оны қарапайым тілмен активтер мен мүліктер декларациясы деп атауға да болады. 

"Бұрын мемлекеттік қызметкерлер салық декларациясында көрсетпеген активтер бар. Бұл – дебиторлық немесе кредиторлық берешектер, инвестициялық алтын сияқты қымбат мүліктер. Сондай-ақ, бұрын зияткерлік меншіктерді, авторлық құқық пен қолма-қол ақшаны көрсету міндетті емес болатын. 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап біріншікезеңге енген адамдар осы мәліметтердің бәрін көрсетеді", - дейді ол.

Сонымен, 1 қаңтардан бастап кімдер жаңаша декларация тапсырып бастайды?
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жауапты мемлекеттік лауазым атқарушылар мен олардың жұбайлары,  мемлекеттік  функцияларды атқаруға өкілетті тұлғалар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияны атқаруғшыға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары, бірінші кезеңмен декларация тасырады", - деген Дина Құсайынова әр топқа нақты кімдер кіретінін түсіндірді.

Оның айтуынша, жауапты мемлекеттік лауазым атқарушы тұлғаға Парламент депатуттары, судьялар, "А" корпусындағы саяси немесе әкімшілік лауазым атқарушы тұлғалар кіреді екен. Ал мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті тұлғаларға мәслихат депутаттары мен мемлекеттік қызметке өткенге дейін уақытша міндет атқарушы тұлғалар енгізіліпті. 
"Негізінде бұл екі санаттағы тұлғалармен ешқашан мәселе туындап көрген жоқ. Проблема осы санатқа теңестірілгендерге қатысты туындайды. Бұл мемлекет бюджетінен айлық алатын жергілікті мәлихат қызметкерлері, квазимемлекеттік сектордағы бірінші басшылар мен сатып алу департаменттерінің басшылары, Ұлттық банк қызметшілері. Міне осы тұлғалар 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей кіріс және мүлік декларациясын тапсыруға міндетті", - дейді комитет өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу