1 қаңтардан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енеді

1070

 "eSalyq" қосымшасын кімдер жүктеуі керек?

1 қаңтардан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енеді

Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 
Жаңа заң бойынша, салықтың артық немесе қате төленген сомасын есепке алу және қайтару мерзімі нақтыланды

"Бюджетке төленетін салықтың, төлемнің және өсімпұлдардың артық төленген сомасы расталған жағдайда қайта есептеу ағымдағы жылы және талап қою мерзімі шегінде алдыңғы жылдар ішінде төленген сомалар мөлшерінде жүргізіледі. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап талап қою мерзімі үш жылды құрайды. Дегенмен, салық мониторингіне жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін талап қою мерзімі бес жыл", - деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Бұдан түсінетіміз, артық төленіп кеткен салық төлемдерін қайта есептету үшін қатардағы салық төлеушілерге 3 жыл мерзім бекітілсе, жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаларға 5 жыл берілмек.  

Ал заңды тұлғаны тарату немесе шетелдік заңды тұлға филиалының қызметін тоқтатумен байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін уақтылы көрсету үшін мемлекеттік кірістер органдары арқылы өтетін берешек туралы мәліметтерді әділет органдарына үш жұмыс күні ішінде ұсыну көзделген. Бұрын мұндай мәліметтер бес жұмыс күні ішінде берілетін. Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілмек.

Сондай-ақ салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген  сомасын есепке жатқызу да жеңілдеді. Яғни, салық берешегі болмаған кезде және салық төлеушінің электрондық байланыс арналары арқылы берілген келісімімен мемлекеттік кірістер органдары салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген сомасын салық төлеушінің өтінішінсіз-ақ басқа салықтар мен бюджетке төленетін алдағы төлемдер есебіне аудара алады. Салық төлеуші "eSalyq" мобильді қосымшасында "Салық әмиянын" толтыру барысында осындай келісімді бере алады. Бұл норма да 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Есепке алу және қайтару мерзімдері қысқарды

"Мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу оннан бес жұмыс күніне дейін қысқарды. Бұл норма 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған ресми ақпаратта.
Еске салсақ, 2020 жылдан бастап "eSalyq" тегін мобилді қосымшасы, электронды салық әмияны іске қосылды. Осылайша, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие болды. Салық әмиянынан ақша автоматты түрде салық міндеттемелері туындаған салықтарға аударылады. Қосымшада реквизиттер мен шоттар автоматты түрде толтырылады, бұл салықтардың дұрыс түсуіне кепіл болады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу