Іс-шара барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әріптестерін "Үздік педагог" атағымен құттықтап, мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті, деп жазады inbusiness.kz оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
"Үздік педагог – 2022" атағы үшін іріктеуден өткен 23 мұғалім сынға түсті. Олардың 64-і үздік педагог атанды. Жеңімпаз атанған әр ұстазға 3 млн теңгенің сертификаты берілді. Жалпы, осы мақсатқа 190 млн теңгеден астам қаражат бөлінді
Асхат Аймағамбетов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың қаңтарынан бастап тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өсетінін айтты.
"Қазір әріптестердің көпшілігі аптасына 6 күн емес, 5 күн жұмыс істейді. Сондай-ақ еңбек өтілі 25 жылдан асатын әріптестер арнайы медальдармен марапатталады. Ал біз бұдан да қолайлы жағдай жасау үшін жұмысты жалғастыра бермекпіз", - деді министр