1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

249

Қар, көктайғақ, тұман.

1 қарашаға арналған ауа райы болжамы Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 2023 жылғы 1 қараша күні Қазақстанда күн райы қалай құбылатынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.

"Республика аумағының басым бөлігінде атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанды. Тек елдің батысында, оңтүстігінде антициклон жотасынан ауа райы жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, облыстың орталығында жаяу бұрқасын болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу