1 қазанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады

419

Тұмаумен ауырғандардың басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары.

1 қазанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады Фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушыладың саны артты. Тек соңғы 2 айда көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20% өсті.

"1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы", деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу