1 қазанға дейін Қазақстанның қай өңірлерінде қарт адамдар төлем алады?

607

Әр өңірдегі көмек мөлшері 6900-ден 34500 теңгеге дейін болады.

 1 қазанға дейін Қазақстанның қай өңірлерінде қарт адамдар төлем алады? Фото: inbusiness.kz

Қарттар күнінде 234 мың қазақстандыққа материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Біржолғы материалдық көмек Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы қарияларға төленетін болады.

Республика күніне орай Ақмола және Павлодар облыстарында қарт адамдарға төлем жасалды.

Сондай-ақ, Қарттар күніне (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 млрд теңгеге 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады.

Қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу