Биылғы қазанда Астанада жылу энергиясын өндіру мен жеткізудің тарифін өсіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "2017 жылдың 1 қазанынан бастап жылу энергиясын өнідіру мен беруге тариф өседі деп күтілуде. Атап айтқанда, жылу қуатын өндіруге тариф 15 пайызға, ал жылуды беруге 5 пайызға өседі".
Айта кетейік, тарифті көтеру 2017 жылдың маусымында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің бұйрығымен бекітілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу