1 қазаннан бастап Қарағанды облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады

370

Халықты иммундау үшін "Гриппол +" вакцинасының 137 мың дозасы сатып алынды. 

1 қазаннан бастап Қарағанды облысында тұмауға қарсы вакцинация басталады Фото: inbusiness.kz

"Гриппол +" белсенді емес вакцинасы Ресейде өндірілген және құрамында А (H1N1 және H3N2) және В кіші типті тұмау вирусының штамдары бар, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы Нүркен Түкеев мәлім етті.

– Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан адамдар иммундауға жатады, – деді Нүркен Түкеев. – Сондай-ақ, негізгі ауруға байланысты тұмауды неғұрлым ауыр өткізетін адамдар вакцинациялауға жатады.

Вакцинация науқаны қараша айының соңына дейін жалғасады.

Спикер тұмаудың ауыр асқынулары қауіпті екенін еске салды. Көбінесе науқастарда созылмалы аурулар күшейеді.

– Тұмау ауруының алдын алу үшін адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу, үй-жайды үнемі желдету ұсынылады, – деп атап өтті Нүркен Түкеев. – Сондай-ақ мүмкіндігінше науқас адамдармен байланысты шектеу қажет. Егер тұмау немесе ЖРВИ белгілері пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу