ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "2023-2024 жж. эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" қаулысына қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
"Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді. Оның ішінде осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу, медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы, ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету бар", - делінген құжатта.
Орта білім беру ұйымдарында:
- бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20 пайыздан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік 10 күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
- бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.
Тиісті қаулының толық мәтіні Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.