1 қыркүйекке дейін 20 жайлы мектеп ашылады

239

Жалпы биыл 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

1 қыркүйекке дейін 20 жайлы мектеп ашылады Фото: GOV.KZ

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Samruk-Kazyna Construction" компаниясының мәліметінше, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында салынып жатқан мектептердің  20-сы мерзімінен бұрын осы жылдың 20 тамызына дейін іске қосылады  деп күтіліп отыр. Жалпы 2024 жылы 536,0 мың жаңа оқушы орнына арналған 302 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл шаралар биылғы оқу жылында 92 үш ауысымды және оқушы орны тапшылығы бар 249 мектептердің проблемаларын шешуге бағытталып отыр", - деді ведомство басшысы.

Әкімдіктер мектептерді іске қосу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауы қажет, деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу