1 қыркүйекке дейін №24 көше - Тұран даңғылында көлік қозғалысына жартылай шектеу енгізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Астана қаласының "Көлік және көлік жол-көлік инфраұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарының бойында жатқан №24 көшенің құрылысы" жобасын іске асыру аясында №24 көше мен Тұран даңғылының қиылысында құрылыс- монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Осыған байланысты, 16 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы жартылай шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.