Президент Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады.
Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пунктерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.
Күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп күтіледі. Олардың арасында Қарулы күштер қатарына – 8 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 сарбаз.
Қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерімен әскери борышын өткерген жастар үшін қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойған. Бұл ретте 180-нен аса қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болды, тағы 400-ден астамы ақылы бөлімге түскен.