1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау керек пе?

587

Оқушылардың ұстазға сыйлық беру міндетті ме?

1 қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау керек пе? Фото: qazaly.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек – Алғашқы қоңырау рәсімінде ұстаздарға сый-сияпат жасауды міндеттемеу керектігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Digital Kazakhstan: заманауи білім беру" республикалық тамыз саммитінде министрге "1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен кәмпит сыйлау дұрыс па?" деген сұрақ қойылды.

"Кәмпиттер туралы ойлану керек. Бірақ менің ойымша, оқушылардың мұғалімге гүл беруі – барлық уақытта сүйсінерлік іс. Негізінде бұл әрқашан жақсы дәстүр саналып келді, оқушылар шын жүректен педагогке алғыс білдіріп, оларға гүл сыйлайды. Мұны дұрыс деп санаймын", – деді Ғ.Бейсембаев елордада Тамыз конференциясында.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұстазға сыйлық беріді балаларға міндеттемеу керектігін айтты.

"Әркімнің өз көңілі, ниеті болуы керек. Бірақ гүл беруді міндеттеу деген мәселеден аулақ болған дұрыс", – дейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу