1 қыркүйектен бастап 2-сынып оқушылары үшін "Шет тілі" пәні оқытылмауы мүмкін

861

Елімізде жаңа оқу жылынан бастап кейбір сынып оқушыларының мектеп бағдарламаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін.  

1 қыркүйектен бастап 2-сынып оқушылары үшін "Шет тілі" пәні оқытылмауы мүмкін Фото: tengrinews.kz

Оқу-ағарту министрлігі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі. 

Тиіс құжат жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.

Бұйрық жобасының мақсаты білім беру мазмұнын түзету деп көрсетілген. 

“2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта "Көркем еңбек" пәнінің орнына "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндері енгізілді, "Шет тілі" пәні алынып тасталды, төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының  вариативтік компонентіндегі 1 сағат "Шет тілі" пәніне берілді”, - делінген түсіндірме жазбада.

Нәтижесінде 11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға және мектеп түлектеріне еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын ашық талқылау 24 сәуірге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу