1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында фаст-фуд, газдалған сусын сатуға тыйым салынады

Мұндай тосын мәліметті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып отыр.  

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында фаст-фуд, газдалған сусын сатуға тыйым салынады Фото: interfax.ru

Оқушылар тұтынатын ас мәзіріне бірқатар өзгеріс енгізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында тыйым салынған тағам түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтті.

– Өткен жылдың соңында жаңа стандарт бекітілді, оған сәйкес дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есе, ал тұз мөлшері 2-2,5 есе азайтылды. Сондай-ақ, оқушылар тағамына қатысты қатаң шектеу енгізіледі, әсіресе, мектептегі буфетке қатысты. Атап айтқанда, мектеп асханасында тез қорытылатын көмірсуларға, чебурекке, майға қуырылған бәлішке, гамбургер, тағы сол сияқты фаст-фуд түріне тыйым салынады, – деді ол.

Ақмарал Әлназарованың пікірінше, мектеп асханасында шоколадты батондар мен тәтті газдалған сусындарға да шектеу қойылмақ.

Ведомство басшысы айтуынша, 1 қыркүйектен бастап мектеп асханасындағы кейбір ас мәзіріне тыйым салынады. Бұл шектеудің бәрі оқушылардың денсаулығы үшін жасалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу