1 мамырда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, үсік жүреді

205

"Қазгидромет" РМК 1 мамырға арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстан аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

1 мамырда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, үсік жүреді Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжамынша, ҚР басым бөлігіне ауа-райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста-дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, , Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу