Ұлттық Банк 2026 жылғы 1 мамырдан бастап цифрлық активтердің айналымы жүйелі түрде реттелетінін хабарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тиісті заңнамалық түзетулер "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" ҚР Заңында көрсетілген. Цифрлық активтер айналымының тұтас құқықтық режимі қалыптастырылды, олар реттелетін ортада қолданылады.
Жаңа реттеу аясында цифрлық активтердің мына түрлері:
1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер (криптовалюталар);
2) цифрлық қаржы активтері (ЦКА), соның ішінде: - ақшамен қамтамасыз етілген стейблкоиндер; - токенделген нақты активтер; - дәстүрлі қаржы құралдарының цифрлық нысандары айқындалды.
ЦҚА капитал тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп, инвесторларға әр түрлі активтерге қол жеткізетін жаңа инвестициялық құралдар класын қалыптастырады. Бір мезгілде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер айналымының реттелетін ауқымы кеңейтіледі. Олардың айналымы цифрлық активтер қызметінің лицензияланатын провайдерлері арқылы кеңейтіледі, бұл операциялардың ашықтығын және мемлекет тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді.
Нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері институты енгізіледі:
- цифрлық қаржы активтері платформаларының операторлары – ЦҚА цифрлық (токенизацияланған) нысанда шығаруды, сондай-ақ ЦҚА-мен мәмілелер жасау кезінде құқықтардың айналымын және есепке алынуын жүзеге асырады;
- цифрлық активтердің сауда платформаларының операторлары – ЦҚА-мен және қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен (криптобиржа) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
- қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді (крипто айырбастау орны) сатып алу және сату бойынша операцияларды орындайды.
Көрсетілген провайдерлер цифрлық активтердің әмиянын ашып, оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ пайдаланушылардың операциясын реттелетін ортада жүргізеді.