1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады

917

Ұшақ қатынасы қайта жанданады.

1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстер ашылады

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты кезекті мәлімдемесінде айтты.

"Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды", – деп жазылған мәлімдемеде.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай шара індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін де қажет. 

"Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу