Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады

125

Елдегі 6,9 миллион баланың ең үлкен үлесі Түркістан облысына тиесілі.  

Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады Фото: ЖИ

Қазақстанда 0–17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ел халқының 33,6%-ын құрайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, балалардың 62,3%-ы қалалық жерде, ал 37,7%-ы ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі 51,4%, қыз балалардың үлесі 48,6%.

Балалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірде 910,4 мың бала тұрады. Одан кейін Алматы қаласы – 688,9 мың және Алматы облысы – 572,3 мың баламен алғашқы үштікке енді.

Соңғы бес жылда Қазақстандағы балалар саны 4,4%-ға өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу