1 маусымда 105 армениялық көлік тіркелді

946

Ең белсенді болған Атырау тұрғындары.  

1 маусымда 105 армениялық көлік тіркелді

Азаматтарға қолайлы болсын деп полицейлер арнайы ХҚКО-да түсіндірме жүргізіп жатыр. ҚР ІІМ-нің хабарлауынша, "Көлік конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті қайдан алуға болады?" деген сұрақ жиі қойылады. Полицейлердің айтуынша, бұл құжатты Сауда және интеграция министрлігінің аккредитациясынан өткен зертханалар обереді.

Еске салайық, Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан жеткізіліп ел азаматтарына тіркелген сол рөлді автокөліктерге төрт саны бар сары нөмір беріледі.

Көлікті уақытша тіркеуге қою үшін иелеріне үш төлем жасау қажет:

тіркеу алымы — 695 теңге,

техникалық төлқұжат үшін баж салығы — 3 473 теңге,

мемлекеттік нөмір үшін баж салығы — 7 778 теңге.

Яғни, барлығына 11 946 теңге жұмсалады.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу