1 маусымнан бастап Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына әуе рейсі ашылады

572

Air Astana әуекомпаниясы Ираклион (Грекия), Бодрум (Түркия), Батуми (Аджария) және Подгорицаға (Черногория) маусымдық жазғы бағыттарды ұшуды қайта бастады.  

1 маусымнан бастап Алматыдан Грекияның Ираклион қаласына әуе рейсі ашылады Фото: aikyn.kz

Ақпаратта көрсетілгендей, Батумиге ұшатын Airbus A320-ты қоспағанда, барлық рейс Airbus A321LR ұзақ қашықтықтағы әуе кемесімен орындалады, деп жазады inbusiness.kz әуе компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
1 маусымнан бастап Алматыдан Грекияның Крит аралы Ираклионға рейстер аптасына 4 рет орындалады. Ираклионға ұшу ұзақтығы 6,5 сағат болады, қайтарда ұшу ұзақтығы – бір сағатқа аз. 
 
2 маусымнан бастап Алматыдан Бодрумға әуе рейстері аптасына 3 рет орындалатын болады. Ол жаққа ұшу ұзақтығы 6 сағатты құрайды, қайтарда ұшу ұзақтығы –  жарты сағатқа қысқа. 
 
3 маусымнан бастап Алматыдан Подгорицаға, ал 7 маусымнан бастап Астанадан Подгорицаға әуе рейсі аптасына 3 рет қатынайды. Алматыдан рейстің ұзақтығы – 6 сағат 55 минут, кері бағытта – бір сағатқа қысқа; Астанадан – 6 сағат 25 минут, кері бағытта – 50 минутқа қысқа.
 
6 маусымнан бастап Алматыдан Батумиге рейстер аптасына 5 рет орындалатын болады. Ұшу ұзақтығы – 4,5 сағат, кері бағытта – 3 сағат 50 минут.
 
Әуе компаниясы демалыс маусымының басталуына байланысты жолаушылардан рейс ұшар алдын 2 сағат бұрын келуді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу