1 маусымнан кейін салық өсімпұлы қалай есептеледі?

855

Вице-министр көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді.

1 маусымнан кейін салық өсімпұлы қалай есептеледі?

Салыққа қатысты өсімпұлдар төтенше жағдай кезеңінен тыс есептелуі керек. Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев осындай мәлімет айтты. 

"Салық органдары салықтар мен төлемдерді уақытында өтемегені үшін өсімпұл есептеуді 1 маусымға дейін шегергені белгілі. Осыған байланысты 1 маусымнан кейін өсімпұл қалай есептелетіні туралы сұрақ жиі қойылып жүр. Мен барлық салық төлеушілерді сендіргім келеді, өсімпұл тек бірінші маусымнан кейінгі кезеңнен бастап есептеледі. Яғни ол кезге дейін өсімпұлдар есепке алынбайды", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу