Қызылордалық спортшылар Алматы қаласында ерлер мен әйелдер арасында өткен таеквондодан "Федерация кубогының" иегері атанып, 1 млн. ақшалай сыйлықты жеңіп алды, деп хабарлайды kyzylorda.gov.kz.
Команда құрамында №2 ОМБЖОРМ түлегі Дархан Садықов (54 кг), спорт интернат тәрбиеленушісі Ербол Бейсенбай (63 кг), Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің оқушылары Асылбек Абзалов (72 кг) пен Сергей Пак (+87 кг) және Бағдат Әбдірахмановтар (84 кг) №1 ОМБЖОРМ түлегі өнер көрсетті.
Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, Атырау облысының спортшылары жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
Ал жекелей есепте 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ) алтыннан алқа тақса, 46 келіде көкшоқылық Гүлмарал Ибрагимова қола жүлдені еншіледі.
Спортшылардың осындай жеңіске жеткендеріне бапкерлері Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан және Руслан Тілеулиевтің қосқан үлестері зор.