Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 22 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға 1 млн 730 мың өтініш түскен. Соның ішінде 1 млн 309 мың азаматқа тағайындалған.
"Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды",– дейді министрліктен.
Төлем алғандардың 782,87 мыңы проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген.
– 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).