1 млн 678 мыңнан аса адам вакцина салдырды

1039

Қазақстанда 1 млн 678 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

1 млн 678 мыңнан аса адам вакцина салдырды

2021 жылдың 9 мамырындағы мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны 1 678 604 адам салдырған.

Екпе салдырғандардың басым бөлігі Алматыда тұрады. Онда вакцинаның бірінші компонентін 251 823 адам, екінші компонентін 120 286 адам салдырған.

Маңғыстау облысында екпе салдырғандар саны аз. Өңірде екпенің бірінші компонентін 32 174 адам, екінші компонентін 10 396 адам алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу