1 млн 700 мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алып жатыр

Соңғы 7 жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінген.

1 млн 700 мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алып жатыр Фото: ЖИ

Президенттің пікірінше, мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деуге негіз бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық аймақта, әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келе жатқанын айтты. Бір ғана мысал, 2019 жылдан бері еліміз бойынша 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынған. 

– Конституциямызда ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі туралы айқын жазылды. Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы. Бұл, түптеп келгенде, бірегей әлеуметтік көмек десек, артық болмас.

Сонымен қатар, еліміздің әрбір мектебінде барлық бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан осал топтағы балалар, яғни, бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алуда.

Елімізде неше түрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіпті, олардың кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр. Сондықтан, қазір Үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыспен айналысуда, – деді Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу