1 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі салықтан жалтарып отыр – Тимур Құлыбаев

1536

Қазақстанда 2,4 мың ірі және 6 мың орта кәсіпорын негізгі салық төлеуші болы саналады.

1 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі салықтан жалтарып отыр – Тимур Құлыбаев Фото: inbusiness.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев шағын және орта бизнес өкілдері үшін салықты жеңілдету керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, заң аясында салықтық әкімшілендіруді ұмытпау керек.

«Елімізде 2,4 мың ірі және 6 мың орта кәсіпорын негізгі салық төлеуші болы саналады. Ал 1 млн-ға жуық микро және шағын бизнес субъектісі салық төлеуден жалтарады. Өйткені олар күрделі әкімшілендіруді түсінбей қорқып отыр. Сондықтан микро және шағын бизнес үшін минималды және қарапайым салықтар қажет. Салық салу олардың қалыпты өміріне ұялы байланыс немесе коммуналдық қызметтерге ақы төлеген сынды қарапайым болуы керек», - деді төраға V республикалық кәсіпкерлер форумында.

Тимур Құлыбаев алдымен еңбекақы төлеу қорына жүктемені азайту керек деген пікірде.

«Қазір әрбір жалдамалы жұмыскер үшін бизнес салық агенті ретінде 5 төлем (ЖТС, әлеуметтік салық, БЖЗҚ, МӘСҚ, ӘМСҚ жарналары) төлейді, ал жалпы жүктеме – 34%-ды. Бұл ЭЫДҰ бойынша орташа деңгей (2020 жылы 34,6%) болып саналады. Қазақстанда 8,8 млн жұмыспен қамтылған халықтың 4 миллион адамға дейін өз табысынан тұрақты салықтар мен төлемдерді төлемейді. Олар бейресми жұмыспен қамтылғандарға жатқызылуы мүмкін. Бұл біздің бағалауымызша. Олардың басым бөлігі қайта несие алған, коллекторлар мен сот орындаушыларының кесірінен ресми жұмыс істегісі келмейді», - деді төралқа төраға.

Осыған байланысты ол мұндай кәсіпкерлер үшін бірыңғай төлем енгізуді және жүктемені 20%-ға дейін төмендетуді ұсынды.

«Бұл оларды көлеңкеден шығаруға ынталандырады, олар есепке тұрады және мемлекеттің барлық әлеуметтік қызметін пайдалана алады», – деп түйіндеді сөзін Тимур Құлыбаев.

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу