"1 млн теңге беріледі": Жастардың әлеуметтік жобасына қандай талап қойылады?

586

Әлеуметтік жоба 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс. 

"1 млн теңге беріледі": Жастардың әлеуметтік жобасына қандай талап қойылады? Фото: inbusiness.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Zhas project әлеуметтік жобаларына қойылатын талаптарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жоба жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар 4 айдан аспайтын мерзімде іске асырылуы тиіс. Конкурс шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның ішінде жобаны іске асыру барысында ақылы қызметтер көрсетуді не тауарларды сатуды көздейтін коммерциялық қызметке бағытталған жобаларға; құрылыс жұмыстарының немесе ғимараттарды реконструкциялау/қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың қандай да бір түрлерін; жергілікті мемлекеттік органдарға, өзге де мемлекеттік мекемелерге немесе үкіметтік емес ұйымдарға арналған жабдықтарды сатып алуды/жалға алуды көздейтін жобалар, сондай-ақ жер учаскелерін сатып алуды/жалға алуды, тұрғын үй сатып алуды/жалға алуды, автокөлік сатып алуды ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуды көздейтін  жобаларға қолдау көрсетілмейді", - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қайрат Қамбаровтың айтуынша, шағын гранттарды іске асыру кезеңінде білікті мамандарды тартылады. Сонымен қатар жастарға заңгерлік және консультациялық қолдау ұйымдастырылмақ. 

Айта кету керек, осыған дейін NEET санатындағы жастар Zhas Project жобасына қатыса алатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу