Finprom.kz порталы өз зерттеуін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2023 жыл қорытындысы бойынша 6 саланы атауға болады.
Айталық:
- Теңіз жүк тасымалы;
- Қаржы және сақтандыру қызметі;
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- Әуе тасымалы;
- Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру;
- Бас компания жұмысы мен басқару бойынша кеңес беру.
Бұл салаларда 2023 жылдың соңғы төрт айында жалақы көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.
Мәселен, тізімде жалақысы 3,5 миллион теңгеден асатын 10 лауазым бар. Көш басында сауда компаниясының басқарма төрағасы тұр. Оның жалақысы – 5,8 миллион теңге. Одан кейінгі орындарға инженерлер (5 млн теңге) мен мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 млн теңге) енген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу