"1 млн теңгеге дейін пайда тапты": Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған

270

Заңсыз алынған ақшалай қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

"1 млн теңгеге дейін пайда тапты": Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған Фото: canva.com

Астана қаласының екі тұрғыны шетелдіктер үшін жалған құжаттар жасатып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бас прокуратураның дерегінше, елорданың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Ресейден келген 49 шетелдікке Қазақстан азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсатты заңсыз алуды ұйымдастырған.

"Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан. Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Заңсыз алынған 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль сомасындағы ақшалай қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу