1 млн теңгеге дейінгі аударымдар тексеріле ме?

347

Ұлттық экономка министрлігі қолданыстағы бақылау жүйесінен ерекше жағымсыз әсер көрмейтінін мәлімдеді. 

1 млн теңгеге дейінгі аударымдар тексеріле ме? Фото: freepik

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов 1 млн теңгеге дейінгі мобильді аударымдарды тексеруді тоқтату мүмкіндігі талқыланып жатқанын айтты,деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұндай ұсыныс түскені рас, қазір талқыланып жатыр. Әр түрлі нұсқалар қарастырылуда, сондықтан бұл мәселе бір жағынан бизнестің алаңдаушылығын жою үшін, ал екінші жағынан, бюджет алуға тиісті кірісті жоғалтпауы үшін шешіледі.

Қазір біз қолданыстағы бақылау жүйесінен ерекше жағымсыз әсер көріп отырған жоқпыз. Кәсіпкерлердің біразы қолма-қол ақшаға көшкені белгілі, бірақ олардың шығынға ұшырайтыны анық, өйткені клиенттер ыңғайлылыққа үйреніп, қолма-қол ақшасыз төлем жасауға дағдыланған. Клиенттерінің көпшілігінің қолма-қолға көшуі екіталай", — деп жауап берді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу