1 млрд теңге қаржы ұрлаған: "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары ұсталды

246

Күдіктілер Әскери техниканы сатып алу кезінде бюджет қаржысын ұрлаған.

1 млрд теңге қаржы ұрлаған: "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары ұсталды Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнаулыэкспорт" РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты агенттікке сілтеме жасап.

Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кетейік, "Қазарнаулыэкспорт" РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу