Тергеу барысында олардың тиісті рұқсатсыз, "Астана" халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс жерде Binance платформасының P2P қызметі арқылы криптовалютаны заңсыз саудалағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, күдіктілердің заңсыз айырбастаудан тапқан табысы 178 млн теңгеге жеткен. Сонымен қатар олардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастыруға қатысқан.
Қылмыстық схемада дропперлердің банк шоттары пайдаланылған. Сол шоттар арқылы 600 млн теңгеден астам ақша аударылып, кейін криптовалютаға айырбасталған. Қаражат есірткі сатушылардың криптоәмияндарына жіберіліп отырған. Мұндай аударымдардың жалпы көлемі 277 мың USDT (доллар) болған.
Сотталғандар заңсыз табысқа жүк көліктері мен тіркемелер сатып алып, оларды туыстарының атына тіркеген. Кейін көліктерді кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып, заңды тұлғаларға жалға берген.
Сот үкімімен олардың біріне 3 жыл, екіншісіне 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ 4 арнайы техника мен қылмыстық жолмен алынған 1 млрд теңгеден астам табыс мемлекет пайдасына тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.