1 млрд теңге жымқырған кәсіпкер сотталды

129

Өскеменде үш тұрғын үй саламын деп халықтан бір млрд теңгеден астам қаражат жинап алған құрылыс компаниясының иесіне сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

1 млрд теңге жымқырған кәсіпкер сотталды Фото: freepik.com

2021 жылдың наурыз айында кәсіпкер өзінің компаниясы туралы жалған кіріс анықтамасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға (ӘКК) тапсырған.

"Осы жалған мәліметтердің негізінде ол ӘКК-ден құрылысқа деп 206 млн теңге көлемінде қаржы алған. Алайда кейін құрылыс материалдарының қымбаттауы мен бюджет тапшылығын алға тартып, болашақ пәтер иелерінен қосымша қаражат жинай бастаған", - делінген ақпаратта.

Алайда құрылыс сол күйі аяқталмаған. Ал жиналған қаржы ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Сот кәсіпкерді аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу