1 млрд теңгенің есірткісін өңдеген 7 зертхана әшкереленді

685

Елімізде есірткі өндірісі "гүлденіп-ақ" тұр. 

1 млрд теңгенің есірткісін өңдеген 7 зертхана әшкереленді

ІІМ-ге қарасты  Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтң мәліметін тыңдасаңыз, осындай ойға қаласыз. Жыл басынан бері Қазақстан аумағында есірткі дайындаумен айналысқан 7 ірі зертхананың жұмысы әшекере болған екен. 

"10 айдың ішінде полиция заңсыз есірткі саласында 1950 қылмысты анықтады. Оның ішінде өткізу фактісі – 1123 және контрабанда фактісі – 87. Тәркіленген есірткінің көлемі 3 тоннаға өсті. Оның ішінде синтетикалық есірткінің көлемі 90 келіден астам мөлшерде артты. Ұйымдасқан 6 есірткі тобының қызметі тарқатылып,  ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 серкесі және 21 мүшесі жауапқа тартылды. Олардың үстінен 33 қылмыстық іс қозғалды. 7 есірткі зертханасының көзін жойдық. Бұл жұмыс барысында 65 келіден астам дайын есірткі және 140 литрден астам сұйықтық тәркіленді. "Қара базарда" олардың құны 1 млрд теңгеден асады", – деді Тілеген Маткенов. 

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу