1 мың тоннадан астам өнім шекарадан кері қайтарылды

939

1-8 қазан аралығында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан, Қырғызстан Республикасынан, Польшадан, Литвадан және Ираннан фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімді заңсыз әкелудің 86 әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 мың тоннадан астам өнім шекарадан кері қайтарылды

"Карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 803 тонна алма, банан, қызанақ, картоп, қырыққабат, бұрыш, қызылша, сәбіз, бидай, ұн және басқа да өнімдерді фитосанитариялық сертификатсыз әкелуі анықталды. Қырғызстан Республикасынан 2,7 тонна құлпынай, таңқурай, құрма және раушан тамырын фитосанитариялық сертификатсыз әкелгені және олардың маркировкасыз екені белгілі болды. Польшадан 20,3 тонна алма фитосанитариялық сертификатсыз жеткізілген. Литвадан 19,9 тонна кешью жаңғағының карантинге жатқызылған өнімді екінші рет тексеруге ұсынбаған. Ираннан 45,8 тонна алма әкелу кезінде фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі анықталды (көлік құралы түрінің сәйкес келмеген)", – деп жазылған АШМ хабарламасында.

Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4,2 млн теңге әкімшілік айыппұлдар салынған. Ал жыл басынан бері – 367,2 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу