1 мыңнан аса елордалық жас баспаналы болады – Көлгінов

809

Оларға пәтер жалға беріледі.  

1 мыңнан аса елордалық жас баспаналы болады – Көлгінов

Жыл соңына дейін 1 мыңнан аса елордалық жас баспаналы болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, айтты деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл да "Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтер" бағдарламасы жалғасады.

"Бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан аса жас баспаналы болады. Сондай-ақ бұл пәтерден бөлек, жыл басында

350 жасқа пәтер кілті берілген. 2021 жылы жастар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы (әлеуметтік кредит беру) іске қосылады", - деді Алтай Көлгінов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Биыл елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу