1 мыңнан аса салымшы БЗЖҚ-дағы қаражатын әлі алмаған

992

1 мыңнан аса салымшы БЗЖҚ-дағы қаражатын әлі алмаған

ШҚО-да зейнеткер жасына жеткенімен БЖЗҚ-дан жинақтаған қаражатын әлі шешіп алмаған 1300 салымшы бары анықталған, деп хабарлайды altaynews.kz.

Олардың жеке шоттарында бір мың теңгеден бірнеше миллион теңгеге дейін ақша жатыр. Бұл жайында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Байділдаева журналистермен болған брифинг кезінде мәлімдеді.
"Біз оларды іздестіріп жатырмыз. Кейбіреулерімен телефон арқылы тілдесіп, жағдайды түсіндірдік. Көпшілігі уақыттың тапшылығын, "кейін бір барамыз" деп жүргендерін алға тартты. Егер олар қазір, жаңа жылға дейін келіп, қордағы қаражаттарын шешіп алмаса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа тәртіппен, ай сайын алатын болады", — деп түсіндірді басшы.
Қарлығаш Науанқызы азаматтардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын дер кезінде жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін қордың барлық филиалдары 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс істейтінін ескертті. Бұл әсіресе, жоғарыда жазылған, жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражаттарын алуға құқылы 1300 салымшыға қатысты. Осы күндері барлық операциялық бөлімшелер таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін салымшыларға қызмет көрсетеді. Басты мақсат – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдерді рәсімдеу құқығын жүзеге асыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу