1 мыңнан астам қазақстандық жазасын шетелде өтеп жатыр

248

Олардың дені Ресей түрмелерінде отыр.  

1 мыңнан астам қазақстандық жазасын шетелде өтеп жатыр Фото: ҚР ІІМ ҚАЖК

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, қазіргі уақытта біздің 1077 адам өзінің жазасын шетелде өтеп жатыр. Айтылған келісімшартта көзделгендей, негізгі шарттардың бірі жазасын өтеп жатқан азаматтарымыздың келісімі қажет. Бүгінде бізде осындай 77 өтініш хат бар. Біз сол өтініштерді қарастырып жатырмыз", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Оның айтуынша, бюджеттен ақша бөлінген. 

"Сол қаражат шеңберінде біз оларды Қазақстанға алып келеміз", - деді спикер.

Ғалымжан Қойгелдиев шетелде жазасын өтеп жатқандардың дені ТМД елдерінде екенін айтты.

"Ең көбі Ресей Федерациясында", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу