1 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға 15 инватакси қызмет көрсетеді

1492

15 таксидің 8-і мүгедектерді тасымалдауға бейімделмеген. 

1 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға 15 инватакси қызмет көрсетеді

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі 40%-ке  артқанымен, 1300-і қамқорлықтан шет қалған, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, протездік-ортопедиялық көмек алуға жүгінген 4 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жанның 400-дейі аталған медициналық құралмен қамтылмаған. Прокурорлар қағаз жүзінде бәріне жеткізілгені жөнінде есеп берілгенін анықтап отыр. Ал екі балаға ересек адамдарға арналған арба берілген.

Жаңақорған ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың 154 жеке көмекшісіне қызмет ақылары бұрынғы коэффициентпен төленіп келген.

Жалпы облыс бойынша 30 мың жарымжан жан бар, оның 7 мыңдайы бала. Осы ретте үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер толықтай курстан өткізілмеген.

Мәселен, жаңақорғандық педагогтардың тек 25 проценті, ал Жалағашта инклюзивті білім беру саласы бойынша бірде-бір мұғалім арнайы оқу курсын аяқтамағаны белгілі болды. Сонымен қатар өңірде инватакси қызметі де жүйелі ұйымдастырылмай отыр. 

"Жалпы бізде 1048 мүгедекке небәрі 15 инватакси қызмет көрсетеді. 1 жылда мүгедектерден 16 мыңға жуық сұраныс түседі. Әрине ол жеткіліксіз. Оның өзінде 15 таксидің 8-і мүгедектерді тасымалдауға бейімделмеген. Яғни арбамен жүретін мүгедектерді көтеріп отырғызуға автокөлік мүлде бейімделмеген. Осындай қиындық проблема туындап отыр. Біз облыс әкімінің алдында осы мәселені көтердік",– дейді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Нұркен Тұрғанбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу