1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

423

Биыл айтулы дата "Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар" ұранымен мерекеленеді.  

1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні Фото: gov.kz

Азаматтық қорғаныс айы елімізде қалай аталып өтілетіні жайлы, нендей шаралар болатыны төңірегінде Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Александр Советов айтып берді деп жазады inbusiness.kz.

Дәл бүгін 63-тен астам елде "Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні" атап өтіледі. Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымы шешімімен бұл күн түрлі мәселенің желеуін көтереді. Әр жылдары азаматтық қорғаныс негіздері, құтқару дағдыларына үйрету, халық пен байланыс құралдарын хабарландыру жүйелерінің дамуы, тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі сынды маңызды тақырыптар қозғалды. Биылғы ұран — азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар.

"Мәселе бекерден бекер көтеріліп отырған жоқ: климаттық жағдай өзгеріп, техногендік апаттар жиілеп кетті. Сондықтан инновациялық технологияларды тез арада барынша енгізу қажеттілігінде еш күмән жоқ. Азаматтық қорғаныстағы инновациялық технологиялар - дегеніміз, дрондар, спутниктер, автономды көлік құралдары, алыстан басқарылатын датчиктер, 3D-модельдеу, гео-ақпараттық жүйе, интернет пен әлеуметтік желі", - деп түсіндірді комитет өкілі.

Дрондар мен роботтарды пайдалану төтенше жағдай болған жерде тінту жүргізуге және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Спутник фотолары мен 3D-модельдеу рационалды басқару шешімдерін қабылдау үшін белгілі бір жағдайда визуализациялауға көмектеседі. Интернет пен әлеуметтік желілер халықтың көп бөлігін қамти отырып, ТЖ кезінде халық үшін дағдыны іске асыруға жол ашады.

"Төтенше жағдай министрлігі наурыз айында - Азаматтық қорғаныс айында халықтың көп бөлігін қамтитын іс-шаралар жоспарын құрастырды. Барлық өңірлердегі біздің бөлімшелерде ашық есік күндері, семинарлар, викториналар, байқаулар мен жаттығулар мен оқыту барысының көрсетілімі өткізіледі. Әсіре білім беру нысандарында ашық сабақ өткізуге ден қойылады", - деп мәлімдеді Александр Советов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу