1 наурыздан бастап "Қайырымды көршіге рақмет" акциясы басталады

1059

1 наурыздан бастап "Қайырымды көршіге рақмет" акциясы басталады

2018 жылы Қазақстанда көршілерге алғыс айту акциясы жүреді. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде еліміздің этно-мәдени орталық жетекшілері мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен өткен алқалы жиында ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай 1 наурыздан бастап "Қайырымды көршіге рақмет" акциясы басталатынын жеткізді.

"2018 жылы 1 наурыз, "Алғыс айту" күні аясында елімізде алғаш рет  "Қайырымды көршіге рақмет" акциясы өз жұмысын бастайды. Бұл - бірге өмір сүріп жатқан қауымдастықтар мен түрлі этностардың бірлігін нығайтатын тағы бір игі бастама. Акция асында көрші үйлер, ауылдар мен аудандарда тұратын халықтардың кездесуін ұйымдастыруға болады. Онда бір біріне алғыс айтып, ескі өкпе-реніш  болса кешірім сұрауға болады. Сонымен қатар, көрші орналасқан мекеме ұжымдарында осы шараға тартуға болады", - дейді Дархан Мыңбай.

ҚХА төрағасының орынбасары этно-мәдени орталық басшыларын осы шаралардың басты ұйымдастырушысы болуға шақырды.  

"Этно-мәдениорталықтар акцияны өткізуде үлгі көрсетуі керек. Сондықтан, республикалық, өңірлік шараларды ұйымдастыру қажет. Көршіге, қайырымдылық көрсету,  мейрімділік таныту барлық дінде бар", - деді ол.  

Сонымен қатар, Дархан Мыңбай 1 наурыздан бастап, ҚХА-ның ақпарттық жобалары таныстырылатынын айтты. Оның айтуынша, 1 наурызда Ассамблеяның мультимедиялық порталы мен Қазақстан халқының интерактивті тақтасы халық игілігіне ұсынылмақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу